Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тапты

Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тапты
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кентау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полицей қызмет атқару кезінде тоқтатылған Audi А6 автокөлігінің алдыңғы орындығынан есірткіге ұқсас зат салынған күмәнді пакетті анықтайды. Бірден жедел тергеу тобын шақырып, тиісті тінту шаралары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары тінту барысында көліктен 20 полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті, өткір иісті есірткіге ұқсас затты анықтады. Одан әрі күдікті жүргізушінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде сарайдың ішінен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді.

Тағайындалған сараптама ұсынылған өсімдіктің жалпы салмағы 1 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікке ілінген жүргізуші, яғни орта жастағы жұмыссыз кентаулық ер адам қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады