Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан тұрғынан 5 келі марихуана тәркіленді

Түркістан полицейлері автокөліктен 24 дана сіріңке қорабы мен бес полиэтилен пакетіне салынған есірткіні тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кентау ҚПБ-ның полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты жайтты анықтады.

Яғни Кентау қаласы көшелерінің бірінде ВАЗ автокөлігі заңсыз қосымша дыбыс орнатып полицейлерге бағынбай құқықбұзушылық жасаған. Алайда полиция қызметкерлері орта жастағы азаматтың бұл іс-әрекеттеріне бей-жай қарамай құқықбұзушыны тоқтатып, тексеріс жүргізді. Тексеру барысында тәртіп сақшылары автокөліктің артқы жағынан 5 дана полиэтилен пакетіне салынған және 24 дана сіріңке қорабына салынған есірткіге ұқсас затты тәркіледі. Осылайша алынған заттарға сараптама тағайындалып, нәтижесінде жалпы салмағы бес келі болатын марихуана екені белгілі болды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан заңсыз әрекеттерге бармаңыздар!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді