Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавл полицейлері бірден екі аялдаманы қиратқан тұрғынды ұстады

Петропавл полицейлері бірден екі аялдаманы қиратқан тұрғынды ұстады
Фото: polisia.kz

Петропавл полицейлері бірден екі аялдаманы қиратқан тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

31 наурыз күні таңертең Петропавл қаласының полиция басқармасына Н.Назарбаев көшесінде қызыл түсті сырт киімдегі белгісіз ер адам аялдама павильонының шыныларын сындырғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл ақпарат барлық кезекші жасақтар мен автопатрульдерге жіберілді. Бейнебақылау инспекторлары осы ауданда жаяу жүргіншінің белгілеріне ұқсас адамды тез арада анықтап, жазып алды.Нәтижесінде ер адамды патрульдік полиция батальонының экипажы Н.Назарбаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында ұстады, алайда полицейлер мінген автопатруль келгенге дейін бірнеше секунд бұрын басқа аялдаманың шынысын зақымдап үлгерген.

Ұсталған ер адам облыс орталығының 24 жастағы мас күйде жүрген тұрғыны болып шықты. Бұндай әрекетті көңіл-күйі болмағандықтан жасаған.

Бұл фактілер бойынша полицейлер әкімшілік материал жинап, шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберді. Құқық бұзушы айыппұл төлеуі немесе бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді