Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Олжас Бектенов Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

2024 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Комиссия отырысы жаңартылған құрамда өтті. Комиссияның жаңартылған құрамына «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Ғаниқызы Нұрғазиева мен Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Советұлы Бәшімов кірді.

Отырыс қорытындысына сәйкес Комиссия келесідей шешімдер қабылдады. Жалпы көлемі 85 млрд теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы бірқатар келісімдер мақұлданды. Мемлекетке қайтару жоспарланып отырған активтердің қатарында Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан астам жер бар.

Сонымен қатар бұрын мемлекеттен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) субъектілерінің бірінің бақылауына заңсыз өткен құны 10 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын пайда болуы түсініксіз кәсіпорынды актив ретінде мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз енгізу мақұлданды.

Комиссия шешімімен Заң субъектілерінің тізілімі екі жаңа тұлғамен толықтырылды, оларға қатысты Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті тиісті іс-шаралар қабылдайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар күшейтіледі. Бұл ретте бизнеске қысым жасауға жол берілмейді. Мемлекетке қайтарылған барлық активтер әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталатын болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Комиссияның жұмысы жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді