Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбелік инспектор су тасқынына тап болған отбасыны құтқарып қалды

Ақтөбелік инспектор су тасқынына тап болған отбасыны құтқарып қалды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысындағы Саралжың ауылдық округінің учаскелік инспекторы сеңді су тасқынына тап болған көпбалалы отбасын құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қараңғы түнде қауіп-қатердің ортасында қалған көпбалалы әке құтқарушыларына алғысын жеткізді.

Ойыл ауылының тұрғыны түнгі уақытта жұбайымен және кәмелетке толмаған сегіз баламен бірге автокөлікпен ауылдан Ақтөбе қаласына қарай шыққан. Алайда, ауылдан алыстағаннан кейін көлік көзді ашып-жұмғанша қарқыны қатты сеңді су тасқынының ортасында қоршауда қалған.

Суға батқан көлікте бала-шағасымен қалған ол, жақын жердегі Кемер ауылының тұрғындарына қоңырау соғып көмек сұраған.

Көмекке ауыл азаматтарымен бірге алғашқылардың бірі болып, Саралжың ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы жетіп, дереу құтқару жұмыстарына кіріскен.

Қиын жағдайда қалған отбасы туралы хабарламаны алған соң, көмекке жылдам жеткендер бірнеше техниканы жұмылдырып, сеңнің жолын бөгеп, бір сағатқа жуық уақыт ішінде балалар мен ата-анасын су ортасынан аман-сау алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізген.

– Ауылдың белсенді тұрғындары Саралжың ауылының учаскелік полиция инспекторы Есболат Әділхановтың көлігімен келіп, бір метрдей тереңдіктегі мұзды суды кешіп жүріп бізді құтқарды. Кемер ауылының тұрғындары мен учаскелік полиция инспекторы Есболат Әділхановқа отбасымызбен алғысымыз шексіз. Осы азаматтардың ерлігінің арқасында бала-шағам аман қалды, – дейді көпбалалы әке.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді