Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда автогаз бағасы бензинмен теңесуі мүмкін

Қазақстанда автогаз бағасы бензинмен теңесуі мүмкін
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, елде сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі күрт өскен. Бұған көлігін газға ауыстырған жүргізушілердің көбеюі себеп.

«Әсіресе көліктерді әуесқой тәсілмен газ жағатын етіп қайта жабдықтау жаппай белең алды. 9 айдың ішінде сұйытылған газдың өндірісінен туындайтын теңгерім 25 пайыз артты. Бізге қосымша көлемдер іздеуге тура келіп отыр. ҚазМұнайГаздың бүкіл көлемін ішкі нарыққа бағыттадық. Осының есебінен теңгерімді ұстап тұрмыз. Яғни, қазір сұйытылған газ тапшылығы жоқ. Өңірлерде жеткізуден туындаған мәселелер болуы мүмкін», - деді ол.

Сәтқалиев қазақстандықтар көліктерін жаппай газға ауыстыра беретін болса, импортқа тәуелділік тууы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

«Мұндай қарқынмен келешекте газ өңдеу қуаттарының әлеуеті қысқа мерзімдегі қажеттіліктерге жетпей қалуы мүмкін. Тіпті сұйытылған мұнай газын импорттауға мәжбүр болуымыз мүмкін. Ол кезде баға мүлде басқаша болады. Тіпті бензин бағасымен салыстыратындай деңгейге шығуы ықтимал», - деді министр.

Еске салайық, бұдан бұрын Алмасадам Сәтқалиев баға өсетінін ескертіп, қазақстандықтарға өз көліктерін сұйытылған газға ауыстыруға асықпауға кеңес берген.

Сондай-ақ, Энергетика министрлігі үш өңірге газ жеткізуде іркілістер барын мойындаған.

Қазақстан сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салды. Энергетика министрлігі бұл шектеу елдің ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстаннан автогаз әкетуге тыйым бұған дейін де салынғанын айта кеткен жөн. Мұндай бұйрықтар 2017 жылы да шығарылған, құжаттар сұйытылған мұнай газын автомобильдермен шетел асыруға 3 жылға тыйым салды. Алайда бұған дейін теміржол көлігіне қатысты шектеу болмаған.

Қаңтар-шілде айларында елімізде өндірілетін отынға жалпы сұраныстың 85%-ға жуығы қазақстандық автогаздың негізгі сатып алушылары саналатын бес елден түсті:

  • Тәжікстан – 186,7 мың тонна;
  • Алжир – 139,3 мың тонна;
  • Түркия –114,1 мың тонна;
  • Польша – 79,2 мың тонна;
  • Ауғанстан – 38,9 мың тонна.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді