Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда көлікті заңсыз қайта жабдықтаған жүргізушілер жазаланды

Павлодарда көлікті заңсыз қайта жабдықтаған жүргізушілер жазаланды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жүргізушілер көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол қозғалысы және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жүргізіп келеді. Олар көлікті заңсыз қайта жабдықтаған жүргізушілерді ұстады.

– Тиісті рұқсатсыз ксенон және лед шамдары түріндегі қосымша құрылғыларды орнататын конверсияланған автокөлікке ерекше назар аударамыз. Оларға мұның заңсыз екенін түсіндіреміз. Аталған шамдардың әрқайсысы әртүрлі жарық береді. Өндіруші мұндай шамдарға қарсы келе жатқан көлік жүргізушісінің көзіне кері әсер етпеуі үшін түрлі фарлар жасауға мәжбүр. Мұның бәрі қауіпсіздікке әсер етеді. Алыс және жақын жарық фарларына, сондай-ақ тұманға қарсы шамдарға таңбалау және оларда орнатылған жарық көздерінің сыныптары сәйкестігі деген талап бар, – дейді Павлодар қаласы ПП батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Павлодар қаласының Академик Сәтбаев көшесінде сағат 00:00 шамасында сыртқы жарық шамдарын өзі орнатып алған Toyota көлігі тоқтатылды. Дәл осындай заң бұзушылықтарды М. Горький көшесінің бойынан ұсталған Toyota автокөлігінің жүргізушісі және Ломов – М.Жүсіп көшесінде тоқтаған Volkswagen көлігінің жүргізушісі де жасады.

Тәртіп сақшысы тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын жүргізгені үшін жүргізушілер жазаланғанын, әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғанын айтты. Бұдан басқа, заң бұзушылық жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді.

Айта кетейік, биыл Павлодар полицейлері осындай санаттағы 212 заң бұзушының жолын кескен.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады