Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер автокөлікке заңсыз газ баллон жабдықтарын орнатқан жүргізушілерді анықтады

Жамбылдық полицейлер автокөлікке заңсыз газ баллон жабдықтарын орнатқан жүргізушілерді анықтады
Фото: polisia.kz

“Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Автокөлікті тексеру барысында полицияның қызметтік көліктерінде болатын сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғы (СДҚ) орнатылғаны анықталды. Автокөлік салонынан спорттық құралды (бита) тапты. Оны қандай мақсатта қолданғаны белгісіз. Анықтау мақсатында бұл зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Газ баллонды жабдықтарын заңсыз орнату анықталды.

Бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 2-бөлігі (Көлік құралында арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз салу), ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Автокөлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін полиция қызметкерімен бұзушылық жойылғанға дейін көліктің нөмірі алынды.

– Біз жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Toyota Alphard автокөлік жүргізушілерімен жиі жол-көлік оқиғасы орын алады, олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, белгіленген жылдамдықты шектен тыс асырып, 200 км/сағ жылдамдықпен жүргізеді. Ал, бұл қайғылы жағдайға әкелуі толық мүмкін. Жүргізушілерге жол қателіктерді кешірмейтінін естеріне салғым келеді. Адамның өмірі өте қымбат. Жолға шыққанда, қолыңызда адамның өмірі тұрғандығын әрдайым есте ұстаңыздар, – деді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Дәулет Жанғабылов.

4 айда өңір аумағында 305 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 42 адам қаза тапты, оның 12-сі балалар, 459 азамат түрлі дәрежеде жарақат алды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды