Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өткен жылы СҚО криминалистері үш мыңнан астам зерттеу жүргізді

Өткен жылы СҚО криминалистері үш мыңнан астам зерттеу жүргізді
Фото: polisia.kz

Өткен жылы солтүстікқазақстандық полицияның криминалистері үш мыңнан астам зерттеу жүргізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 наурыз – криминалистердің кәсіби мерекесі. СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин жедел-криминалистикалық бөліністердің бірқатар қызметкерлері мен ардагерлерін грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында бөлім бастығы Александр Хлевов, бас криминалист Сергей Матвеев, аға криминалист Азамат Ибраев, криминалист Максим Середа мен басқа да қызметкерлер бар. Олардың кәсібилігін жедел уәкілдер де бірнеше мәрте атап өтті.

Заңдылықты нығайтуда криминалистиканың маңызы жылдан жылға артып келеді. Сіздердің еңбек жолдарыңыз – қызметтік міндеттерді мінсіз және адал атқарудың, жоғары моральдық және іскерлік қабілеттерді көрсетудің жарқын үлгісі, – Сембин құттықтау сөзінде.

Бүгінде криминалистердің пайдалануында ғылыми-техникалық саладағы замануи құралдар мен қондырғылардың бірнеше түрі бар. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер адамды биометриялық сәйкестендірудің жаңа жүйесіне көшті. Аталмыш жүйе бұрынғы пайдаланған “Папилон” жүйесіне қарағанда жаңартылған интерфейспен, жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Тек өткен жылы саусақ пен қол іздерін анықтау жұмысы 119 қылмысты ашыуға көмектесті. 2023 жылы осы қызметтің қызметкерлері 3 мыңнан астам зерттеулер жүргізген. Криминалистикалық есептерді пайдалана отырып, қылмыстарды жасауда күдікті 500 астам тұлға анықталды.

Сондай-ақ Еңбек Сембинге Солтүстік Қазақстан университетінің басшылығы атынан алғыс хат берілді. Марапатты полиция ветераны, ал бүгінде университет оқытушысы Александр Лобода табыс етті. Солтүстікқазақстандық криминалистер жоғары оқу орнымен тығыз жұмыс істейді, дәрістер мен парктикалық сабақтар барысында заңгерлік мамандықтарының студенттерін құқық қорғау жұмыстарына дайындайды.

Іс-шара аяқталған соң криминалистикалық бөліністердің қызметкерлері қызмет атқару орындарына аттанды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады