Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамы мен Қытайдың Huawei компаниясы бірлесіп құрған жаңа Инновациялық орталықты ашты

Мемлекет басшысы «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамы мен Қытайдың Huawei компаниясы бірлесіп құрған жаңа Инновациялық орталықты ашты
Фото: Ақорда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, аталған орталық «Ақылды темір жол» жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Мемлекет басшысына теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер таныстырылды. Жобалар IT және телекоммуникация салаларындағы әлемнің жетекші компанияларын тарта отырып іске асырылуда.Бүгінде Қазақстан теміржолы PSA компаниясымен бірлесіп, Транскаспий бағытында тұтас цифрлық дәліз әзірлеп, іске қосты. Жүйе уақытты үнемдейді және тасымалдау процесін барынша ашық, ал Қазақстанды сауда ағындары үшін тартымды етеді. Wabtec компаниясының локомотивтерін тиімді пайдалану жөніндегі пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.Бұлтты шешімдерді, Big Data, Интернет заттар (IoT) және жасанды интеллектіні (AI) пайдалана отырып, «Қазақстан теміржолының» инфрақұрылымы мен қызметтерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.Президент Көлік-логистика және Инновация орталықтарын ашу маңызды екенін атап өтті.
– Бұл – «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасы бойынша іске қосылған жоба. Қазақстан Төраға Си Цзиньпин 2013 жылы біздің елімізде жариялаған ірі жобаны толығымен қолдайды. Осы бастаманың арқасында орталықтың құрылысы қысқа мерзімде аяқталды. Мұның барлығы – екі ел арасындағы табысты серіктестік нәтижесі. Бұл жоба Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға жаңа серпін бермек. Сондай-ақ Еуразиядағы сауда-экономика ынтымақтастығын нығайта түседі деп санаймын. Осы орталықтың сапалы салынуына Қазақстанның және Қытайдың көптеген мамандары атсалысты. Мен бүгін баршаңызға ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты