Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерекше балаларға арналған колледжде мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек қолданылған

Ерекше балаларға арналған колледжде мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек қолданылған
Фото: pixabay.com

Түркістан облысының прокурорлары мүгедектігі бар 80 колледж студенттерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының прокуратурасы Кентау қаласында орналаcқан "Арнайы кәсіптік колледжде" оқитын 80 ерекше баланың құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады. Бұл колледж - еліміздегі жалғыз мамандандырылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған мекеме.

Прокурорлық тексерістің арқасында колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, ерекше студенттерді мемлекеттік қызметтермен тиісінше қамтамасыз етпегені анықталды. 

Сапасыз білім берудегі бұзушылықтар, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны белгілі болды. Мекемеде мерзімі өткен азық-түліктер мен медициналық препараттарды қолданған. Медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілерін біле тұра, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары тиісті шаралар қабылдамаған, - делінген Түркістан облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Тексеру нәтижесіне сәйкес заң бұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне 5 прокурорлық ден қою актісін енгізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты