Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбелік полицей таэквондодан ҚР чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбелік полицей таэквондодан ҚР чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: polisia.kz

16-18 ақпан аралығында Атырау қаласында GTF таэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл турнирге Ақтөбе облысының полицейі Есет Аймұхан қатысты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есет Қарғалы ауданы полиция бөлімінде қызмет атқарады. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық спортшы жиналды. Соңғы 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Есеттің қарсыласы Ақтау қаласынан болды. Есет дене шынықтыру мен техникалық дайындықтың тамаша деңгейін көрсетіп, қарсыласын сенімді түрде жеңіп, алтын медальға ие болды және бұл оның алғашқы жеңісі емес.

Есет Аймұхан Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен 2016 жылғы әлем чемпионы және 2019 жылы Қазақстан Республикасының қола жүлдегері атанды. Оның 1-дан қара белбеуі бар. Есет таэквондомен 7 жасынан бастап айналысады. Ол Облыстық таэквондо федерациясының президенті Демид Грачевпен бірге жаттығады.

Есет ел чемпионатында жеңіске жетіп, осы жылдың күзінде Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

– Мен 7 жасымнан бастап таэквандомен айналысамын. Полицияда жұмыс істей отырып, сүйікті спорт түрімен айналысуға уақыт табамын. Таэквандо маған байсалдылықты, тәртіп пен төзімділікті үйретеді, – дейді полиция қызметкері Есет Аймұхан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді