Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті

Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондода (Корея Республикасы) өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып беріп, спортшыларды қол жеткізген нәтижелерімен құттықтады. Премьер-Министр бұл Қазақстанның жастар арасындағы қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтыны екенін атап өтті. Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан әлемнің 78 елі арасында 20-шы орынды иеленді.

«Спорт – елдің мәртебесін биіктетіп, мемлекеттің қуаты мен өсіп келе жатқан әлеуетіне деген адамдардың сенімін нығайта түсетін маңызды фактор. Қазақстандықтар Сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады. Өздеріңіз сияқты ерік-жігері мықты жас спортшылардың еліміздің болашағы екеніне кәміл сенемін. Жеңіс жолында қолдау көрсеткен тәлімгерлер мен жаттықтырушылар ерекше алғысқа лайық. Бүгінгі бағындырған биік белестер алдағы олимпиадалардағы жетістіктердің бастауы деуге болады», — деді Олжас Бектенов.

Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных пен оның жаттықтырушысы Қайрат Биекеновке алғыс хаттар табыс етілді.

Сонымен қатар шайбалы хоккей бойынша қола жүлде олжалаған Арсений Кучковский, Никита Кулаков, Темірлан Айболұлы, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Жаһангер Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әділхан Саттар, Әнуар Ахметжанов және команданы жаттықтырушы Рамазан Қайдаровтың да еңбектері аталып өтілді.

Ойындар жеңімпазы Илья Мизерных барлық спортшының атынан алғыс білдіріп, дайындық кезінде құраманың жаттықтырушылар қойған міндеттерді барлық күш-жігерін салып орындағанын айтты.

«Алтын медаль – менің ғана жеңісім емес, бұл бүкіл команда мен жаттықтырушылар құрамының жұмысының нәтижесі. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын естіп, төбем көкке жеткендей болды. Ол маған және басқа қазақстандық спортшыларға да жаңа жеңістер тіледі. Бұл бізді одан әрі шабыттандыра түседі. Шалғайда жүрсек те, біз үлкен қолдауды сезіндік, бұл –  біздің ортақ жеңісіміз! Алға, Қазақстан!», — деді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты