Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Ауа райы бөгет болды”: елордада азамат экс-сүйіктісін алып қашпақ болды

“Ауа райы бөгет болды”: елордада азамат экс-сүйіктісін алып қашпақ болды
Фото: pixabay.com

Елордада азамат экс-сүйіктісін алып қашпақ болған, алайда ауа райы оның бұл әрекетіне тосқауыл болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“102” пультіне 20 жастағы қызды еркінен тыс Daewoo Nexia автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен.

Қоңырау шалушының хабарлауынша, кешкі уақытта туысы екеуі жұмыстан қайтып келе жатқанда, тұрғын үйдің ауласында оларға көлік жақындап келіп, ішінен төрт жігіт түсіп, әпкесін күштеп көлікке отырғызып алып кеткен. Арызданушы таныған ұрлаушылардың бірі олардың ауылдасы болып шыққан. Бұрын олар қарым-қатынаста болған, бірақ көп ұзамай олар айырылысып, аралары алыстап кеткендігі белгілі болған.

Көлік пен ұрланған қызды іздеу үшін қалада “Ұстау” жоспары енгізілді. Бірден жедел ізіне түскен полицейлер күдіктілер тізгіндеген көлікті аңдып, тоқтатты. Белгілі болғандай, жігіттер оны Түркістан облысына апармақ болған, бірақ ауа райының қолайсыздығынан қаладан шыға алмаған.

Қазіргі уақытта адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер атап өткендей, баптың санкциясы үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты