Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Тосқауыл” операциясы кезінде полицейлер 4 есірткі зертханасын жойды

“Тосқауыл” операциясы кезінде полицейлер 4 есірткі зертханасын жойды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер органдарымен ел аумағында 5-9 ақпан аралығында “Тосқауыл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Полиция ведомствосының апталық брифингінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов операция қорытындысымен бөлісті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Халықпен ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілді, әсіресе жоғары сынып оқушылары мен студент жастарға баса назар аударылды. Есірткіге қарсы іс-шараларға ішкі істер органдарының және Ұлттық ұланның жеке құрамы, әкімдіктердің қызметкерлері, денсаулық сақтау және білім беру салаларының өкілдері, жастар саясатының жетекшілері, үкіметтік емес сектор және еріктілер жұмылдырылды.<!--more-->

Полицияның бастамасы бойынша халықпен кездесулер, оқу мекемелерінде 356 дәріс, 18 акция, 10 дөңгелек үстел және нарколог-дәрігерлерді, тәжірибелі ұстаздар мен психологтарды, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдерін шақырумен 55 кездесу өткізілді. Барлығы 538 түрлі профилактикалық, оның ішінде 12 спорттық-бұқаралық іс-шара, 87 турнир және флэшмоб өткізілді. Есірткінің граффити-жарнамасын жоюда волонтерлық қозғалыс өкілдері өз үлестерін қосты, – деді Бақытжан Әмірханов.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейтілді. “Тосқауыл” операциясы кезінде төрт есірткі зертханасы жойылды.

Алматыда синтетика өндіретін есірткі зертханасы таратылды. Полицейлер 13 кг “мефедрон” синтетикалық препаратын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған реакторлар мен түрлі жабдықтарды тәркіледі.

Сондай-ақ елдің ең ірі мегаполисінде полиция қызметкерлерімен Mercedes автокөлігі тоқтатылып, оны тексеру кезінде жалпы салмағы 3,7 кг “альфа-РVР” синтетикалық есірткісі салынған 10 полиэтилен пакет табылды.

Атырау облысында интернет-дүкенге курьер болып жұмысқа орналасқан синтетикалық психотроптық заттарды жасырушы ұсталды. Оның жалдамалы пәтерін тінту барысында салмағы 1,5 кг “альфа-РVР” және “мефедрон” есірткі заттары тәркіленді.

Шымкентте полиция қызметкерлері елдің бірқатар ірі қалаларында синтетикалық есірткінің көтерме саудасымен айналысқан өңірлік есірткі курьерін ұстады. Алматыда жалдамалы пәтерін тінту барысында күдіктіден жалпы салмағы 1,5 кг болатын “амфетамин”, “ЛСД” және “экстази” есірткі заттары тәркіленді.

Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік полиция инспекторы арнайы бөлініс жауынгерлерінің және криминалдық полиция қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті тұрғынды ұстады, одан 8,5 кг “марихуана” есірткі заты тәркіленді.

– “Тосқауыл” операциясының шеңберінде көші-қон полициясының қызметкерлерімен бірлесіп күн сайын шетелдік азаматтар және олардың тұратын жерлеріне тексерістер жүргізілді. Операция басынан бері көші-қон заңнамасын бұзудың 1321 дерегі анықталды, 218 құқықбұзушы елден шығарылды.

Қызметтік-іздестіру иттерін қолданумен көлік объектілеріне, автокөлік құралдарына, багажға, пошталық бөлімшелерге және басқа да нысандарға тексеру жүргізілді. Олардың көмегімен 33 есірткі қылмысы ашылды. Қару-жарақты заңсыз сақтаудың 31 фактісі анықталды, – деді спикер.

Операцияның қорытындысы бойынша барлығы 258 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, олардың ішінде есірткі өткізудің 58 фактісі, аса ірі көлемде сақтаудың 40 фактісі және есірткі контрабандасының 7 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 144 кг жуық түрлі есірткі заттары, оның ішінде 30 кг синтетика, 110 кг марихуана, 3 кг гашиш және 800 грамм трамадол тәркіленді.

Ішкі істер министрлігімен осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты