Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда есірткі курьері 1 келі мефедронмен ұсталды

Таразда есірткі курьері 1 келі мефедронмен ұсталды
Фото: polisia.kz

“Тосқауыл” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде ер адамнан ішінде ерекше иісті ұсақ кристалды ұнтақ зат бар, изолентамен оралған 35 орам тәркіленді. Сондай-ақ оның жалға алған пәтерінен Мерри қызметтік итінің көмегімен 430 оралған пакет табылды.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 978 грамм болатын мефедрон психотроптық заты болып шықты. Яғни полицейлер кем дегенде 3260 дозаны құрайтын есірткінің таралуына жол бермеді. Оның қара нарықтағы құны шамамен 36 млн теңге тұрады.

Жауап алу кезінде күдікті заңсыз бизнеске қатысы бар екенін мойындап, мессенджер арқылы есірткі сататын курьер болып жұмысқа орналасқанын айтты. Ол Алматыдан есірткі партиясын алып, Тараздағы жалдамалы пәтерде оларды буып-түйіп, жасырын орындарға қойып шыққан.

– Күдікті өз қызметін интернет-дүкендердің көмегімен жүзеге асырған. Онда үйлестірушінің нұсқауы бойынша Алматы, Тараз, Шымкент, Қостанай қалаларында тарату үшін “тауар” алып отырған және Таразда бірнеше орынға мефедрон қойып үлгерген. Оның есірткі сататын интернет-дүкен әкімшісімен хат алмасуын және жасырын орындардың координаттарын көрсеткен фотосуреттерді тексергеннен кейін қызметкерлер мефедронның тағы 7 орамын тапты. Қазіргі уақытта полиция қылмыстық тізбектің қалған қатысушыларын анықтап жатыр, – деді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты