Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері жол жиегіне түсіп кеткен бензовоздың жүргізушілеріне көмектесті

СҚО полицейлері жол жиегіне түсіп кеткен бензовоздың жүргізушілеріне көмектесті
Фото: polisia.kz

26 тонна дизельдік жанар-жағармай тасымалдап келе жатқан «MAN» жүк көлігін омбы қардан шығару жұмыстары бір тәулікке жақын уақытқа созылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қаңтар күні Айыртау ауданындағы Воскресеновка ауылына жақын жерде тіркемесі бар бензовоздың 27 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол үстінен шығып кетіп, қалың қардан бір-ақ шыққан. Ол «102» арнасына хабарласқан. Оқиға орнына Володарский ауылдық округі әкімдігінің, аудандық полиция және ТЖ бөлімдерінің  қызметкерлері келді. Мамандар цистерналардың жай-күйін қарап шығып, дизельдік отынның төгілмегендігіне көз жеткізді.

Жергілікті «Баянтай» ЖШС қарды тазалау үшін жүк тиегішті, ал «Қызылжар жолдары» фирмасы К-700 тракторын жіберді. Алайда, ауыр жүгі бар фураны жолға шығару үшін Көкшетау қаласынан автокрандарды шақыруға тура келді. Ауылдық округ әкімі Ермек Қасымғалиев жүргізуші мен оның серіктесіне ыстық тамақ жеткізді. Полиция қызметкерлері жанармай таситын көлікті аязды түнде күзетіп, оқиға орнында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Тоқтаусыз жүргізілген қауырт жұмыс шамамен бір тәулікке созылды. Тек тіркемені ағытқан соң ғана, жүк көлігі шығарылды. Сұйық отынның төгілуіне жол берілмеді. Бәрі аяқталған соң жүргізушілер аман-есен жолға шығып, сапарларын жалғастырды.

«Жүргізушілерді қысқы жолдарда, әсіресе мұз бен жауын-шашын кезінде мұқият болуға шақырамыз, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Марат Серкешев. 

– Естеріңізде болсын, қыс мезгілінде жолдың шетін байқамай қалып, жолдан шығып кету қаупі бар. Жылдамдық режимін ұстанып, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаңыздар».

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады