Шымкентте скутер жүргізушісі жолда трюк жасағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Заң бұзушылықты полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады. Ірі сауда орталығының алдындағы автожолда орын алған “қойылымды” жас скутер жүргізушісі ұйымдастырған болып шықты. Мотокөлікті бір доңғалағын көтеріп, жылдамдықпен кері бұрылып басқарған жігіт бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялаған. Бұл ессіз әрекеті оны тек әкімшілік жазаға әкелді.
Сақшылар кұқық бұзушыны анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 3-бөлігімен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) хаттама түзеді. Ер азаматтың жол қозғалысы ережелерін бірінші рет бұзбағаны және бір жылдан аз уақыт бұрын ұқсас жайт үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.