Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Немереңіз ЖКО жасады”: Қарағанды облысында қарт кісі алаяққа 3 млн теңге берген

“Немереңіз ЖКО жасады”: Қарағанды облысында қарт кісі алаяққа 3 млн теңге берген
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысының полицейлері алаяқтың құрбанына айналған жәбірленушіге 550 мың теңге мен 5 мың АҚШ долларын қайтарып берді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында алаяқтықпен айналысқан 19 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.

Белгілі болғандай, 73 жастағы азаматшаға белгісіз біреулер қоңырау соғып, немересі жол-көлік оқиғасын жасағанын, ол жерде жаяу жүргінші ауыр жарақат алғанын айтқан. Ал жол-көлік оқиғасын жасаған кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып, оны шешу үшін 9 миллион ақша сұраған. Зейнеткер, бұл хабарласқан адамға қолында бар 700 мың теңге және 5 мың АҚШ долларын берген. Кейін, өзінің алаяқтың құрбаны болғанын сезген соң, полицияға арызданған.

Тәртіп сақшылары күдіктіден зейнеткер берген ақшаларды яғни 550 мың теңге және 5 мың АҚШ долларын айғақ зат ретінде тәркіледі. 150 мың теңгемен күдікті өзінің несиесін жауып үлгергені белгілі болды.

– Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас тағыда 5 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Ұсталған азамат жәбірленушілерге жалпы соммасы 6 млн 600 мың теңге шығын келтірген. Қазіргі уақытта алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады