Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында екі жол-көлік оқиғасы болды: зардап шеккендер бар

Павлодар облысында екі жол-көлік оқиғасы болды: зардап шеккендер бар
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында екі жол-көлік оқиғасы болды. ЖКО салдарынан бір адам қайтыс болып, екеуі жарақат алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 қаңтарда Успен ауылында, Гагарин – Чехов көшелерінің қиылысында, Газель-2705-111 автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

24 қаңтарда Ақтоғай ауылының маңындағы Атамекен – Ертіс – Русская поляна автожолында 280 Е Mersedes-Benz және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

– Барлық көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғалары фактілері бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады