Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.