Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл басынан бері 8 мыңға жуық шетелдік дактилоскопиялық тіркеуден өтті

Жыл басынан бері 8 мыңға жуық шетелдік дактилоскопиялық тіркеуден өтті
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері сегіз мыңға жуық шетелдік міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтті. Сонымен қатар құжаттарды әзірлеу кезінде дактилоскопиялық тіркеуден жеті мыңнан астам қазақстандық ерікті түрде өтті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Саусақ ізін тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Мұндай тіркеу халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі.

Дактилоскопиялық тіркеуден 16 жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ құжаттарын ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары өз еркімен өте алады.

Ал міндетті дактилоскопиялық тіркеуге 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабына сәйкес шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден бас тартуы Қазақстан Республикасы аумағынан шығару түріндегі жазаны көздейді.

Бұл рәсім адамның мүдделерін қорғау және оның заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Егер адам құжаттарын жоғалтып алса, саусақ ізін тіркеу оларды қысқа мерзімде қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар оның көмегімен жеке тұлғаны тез арада анықтау мүмкіндігі бар. Мысалы, оның тиімділігін есте сақтау қабілеті нашар немесе есінен танып қалған азаматты тану кезінде байқауға болады.

Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық деректері мемлекет тарапынан қорғалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты