Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті болады

Жаңа жылдан бастап шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті болады
Фото: pixabay.com

1 қаңтардан бастап шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті болады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (16 жасқа толған) дактилоскопиялық тіркеу келесі құжаттарды ресімдеу кезінде міндетті рәсім болады:

1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін;

2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын алу үшін;

3. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін немесе оны қалпына келтіру, ауыстыру үшін;

4. Уақытша тұруға рұқсат алу үшін;

5. Қазақстан Республикасының визаларын алу үшін (Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы алынатын және ұзартылатын);

6. Пана іздеген адамның куәлігін алу үшін;

7. Босқын куәлігін алу үшін;

8. Босқынның жол жүру құжатын алу үшін;

Шығарылуға жататын немесе реадмиссия тәртібімен қайтарылатын адамдар (жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес) да дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.

Дактилоскопиялық тіркеуден өткен кезде шетелдіктерде немесе азаматтығы жоқ адамдарда жеке басын куәландыратын құжат, ол болмаған кезде растау және дактор тіркеуге жіберу туралы анықтама болуға тиіс.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 443-1-бабына сәйкес міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы елдің шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді.

Дактилоскопиялық тіркеу көші-қон қызметінің бөлімшелерінде шетелдіктердің болу орны бойынша жүргізіледі. Мекенжайлар қоса беріледі.

Сондықтан шетелдіктерге дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау ұсынылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке куәліктер мен ҚР паспортын алған кезде азаматтың келісімімен ерікті дактор тіркеуі көзделген.

Дактилоскопиялық тіркеуден өту үшін көші-қон қызметі бөлімшелерінің мекенжайлары:

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді