Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары басталды

Елімізде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары басталды
Фото: gov.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ел өңірлерінің алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталғанын жеткізді. Мәселен, су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды. Оның құрамында 39 мыңнан астам адам, 11 мыңға жуық техника, 500-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалар бар.

Күштер мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері тұрақты дайындықта болады. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де құтқару операцияларына қатысуға дайын.

Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиісті жол картасын іске асыру жалғасуда. Атап айтқанда, Ақмола облысында Есіл су реттегішін салу бойынша жобалау сметалық құжаттамаларын әзірленіп жатыр.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов гидротехникалық құрылыстардың жағдайын жақсарту шаралары туралы, көлік министрі Марат Қарабаев жолдарды, көпірлерді және су өткізу құрылыстарын су тасқыны кезеңіне дайындау туралы айтты.

Өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалу барысы туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев баяндама жасады.

Премьер-Министр өткен жылдың аяғы мен осы жылдың басында ауа-райы жауын-шашынды болып, қар көп түскенін атап өтті.

«Бүгінде еліміздің шамамен 90% аумағын қар басып жатыр. Мұның барлығы су тасқыны қаупін арттыра түседі», — деді Әлихан Смайылов.

Мәселен, қазірдің өзінде Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында елді-мекендерді су басып, жолдарды шайып кеткен фактілер кездесіп отыр. Сонымен қатар желтоқсан айының ортасында Алматыда Есентай өзені де арнасынан асып кетті. Су деңгейі 1,5 метрге көтерілді.

«Мұндай жағдайлар қыс ортасында, алдағы су тасқыны кезеңіне дейін орын алып отыр. Сондықтан, өңір әкімдіктері аталған мәселелерге арнайы назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуі керек», — деді Премьер-Министр.

Қазгидрометтің болжамы бойынша биылғы қаңтар-ақпан айларында еліміздің барлық өңірлерінде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтіліп отыр. 

«Бұған дайын болу керек. Су ресурстары министрлігі осы бастан су қоймаларын толтыру көлемін анықтап, оны тұрақты түрде бақылап отыруы қажет. Көршілес мемлекеттермен су шығыны және трансшекаралық өзендердегі қауіп туралы үзбей ақпарат алмасу керек. Қажет болған жағдайда, су қоймаларынан суды алдын-ала және қауіпсіз жіберу жөнінде шаралар қабылдануы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр өткен жылы еліміздің оңтүстік өңірлерінде орын алған су тасқынына елді-мекендердің айналасында су бұру каналдарының, арықтардың, бөгеттердің жоқтығы себеп болғанын еске салды. Сондықтан қазірдің өзінде оңтүстік және батыс аймақтар жоғары дайындық режиміне өтуі керек.

Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жағдайына ерекше назар аудару керек. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар нысандарда, коммуналдық және жекеменшік су қоймалары мен бөгеттерде жөндеу жұмыстарын жандандыру қажет.

Премьер-Министр ақпан айында «Көктем-2024» оқу-жаттығуларын өткізіп, су тасқыны жағдайы қиындаған кезде нақты іс-қимыл алгоритмін пысықтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді