Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның үш өңірінде малды цифрлық қадағалау жүйесі енгізілуде

Қазақстанның үш өңірінде малды цифрлық қадағалау жүйесі енгізілуде
Фото: primeminister.kz

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста ауыл шаруашылығы жануарларын қадағалау жүйесін жетілдіру процесі талқыланды. «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» жаңа модулінің арқасында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпарат жүйесінде (АШЖБ) мал сою орындарында сараптама актісі мен анықтама беру және жануардың өмірлік циклі туралы ақпарат жиналған QR-код жасау процесі цифрландырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бұл QR ет сатылатын орындарға орналастырылады, ол жануарларды ветеринариялық тексерусіз және ет мен органдарды тексермей мал союдың алдын алуға мүмкіндік береді. Жаңа модуль Алматы, Павлодар және Жетісу облыстарында пилоттық режимде сыналып жатыр.

Бұл тәсіл шекаралық өткізу бекеттерінде де енгізілді. Келіп түскен жүктер туралы мәліметтер ақпарат жүйесіне енгізіледі, тексеру және сынама алу актілерінің электрондық нұсқасын қалыптастырады, олар мемлекеттік ветеринариялық инспекторға және ветеринариялық зертхана қызметкеріне жіберіледі. Жүйе Павлодар облысының шекара маңындағы бекеттерінде тестілеуден сәтті өтті.

«Ел аумағында мал соятын 904 нысан бар, оның ішінде 109-ы – ет өңдеу кәсіпорны, 281-і – мал сою пункті және 514 мал сою алаңы. Ветеринариялық талаптарға сәйкес келмегендіктен, 106 мал сою нысаны жабылды, 2023 жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында 661 мал сою алаңының есеп нөмірлері кері алынды», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин.

Сонымен қатар вице-министр барлық ірі ауылдық округте ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы бар мал сою пунктілерін ашу қажеттігін атап өтті.

«Мал сою алаңдары өтпелі кезеңде мәжбүрлі шара ретінде ашылғандықтан, қазір заңнамаға өзгерістер енгізу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз, содан кейін мал сою алаңдары жойылатын болады», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Сонымен қатар кеңесте Амангалий Бердалин Қазақстан аумағында жануарлар мен құстарды жоспар бойынша диагностикалау және вакциналау туралы айтты. Диагностикалық және профилактикалық іс-шаралар туралы барлық мәлімет АШЖБ базасына енгізілген. Нәтижесінде соңғы жылы елімізде қауіпті аурулар ошақтары 38%-ға төмендеген.

Шегірткеге қарсы күреске дайындық туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады. Соңғы жылдары Ақтөбе және Қостанай облыстарында зиянкестердің таралу алаңдары өсті (1 млн га немесе республика бойынша жалпы алаңның 69%-ы). 2023-2024 жылдары шегіртке таралуының 11 жылдағы рекордтық көрсеткіші орын алып отыр. Егістік жерлерді шегірткеден уақытылы сақтау үшін алдын ала мемлекеттік сатып алу жоспары жасалып, конкурстар жарияланды. Оңтүстік өңірлерде қажетті жұмыстарды сәуір айында, солтүстікте мамырда бастау жоспарланып отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірге мал союдағы жаңашылдықтар, олардың артықшылықтары бойынша тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ егістік жерлерді шегірткеден уақытылы өңдеу үшін барлық қажетті процедураны жедел жүргізуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді