Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл қорытындысы: Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті 6 трансұлттық ҰҚТ-ны жойды

Жыл қорытындысы: Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті 6 трансұлттық ҰҚТ-ны жойды
Фото: polisia.kz

Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің алдына қойған міндеттерін орындау мақсатында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағытында бірқатар іс-шара жүзеге асырылды. Нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, оларға басшылық ету және оларды қаржыландыру бойынша 60-тан астам қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде трансұлттық ауқымдағы фактілер де бар. Қылмыстық құрылымдардың 250-ден астам қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Ел аумағында шетелдік криминалитеттің ықпалына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде құрамына Қазақстан азаматтары да, жақын шет мемлекеттердің азаматтары да кіретін алты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Аталған фактілер бойынша трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін тоғыз қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл барысында республика аумағына төрт шетелдік қылмыстық биліктің кіру фактілерін дер кезінде анықтап, жолын кестік, – деп атап өтті ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.<!--more-->

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 470 атыс және травматикалық қару, 44 граната, екі граната атқыш, 400 грамм тротил және 14 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіледі.

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, “Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Заң жобасы әзірленді.

Ол адам саудасының алдын алу және оған қарсы күресті, сондай-ақ субъектілердің қызметін үйлестіру жөніндегі ұйымдық-құқықтық негіздерді регламенттейді, уәкілетті органдарды айқындайды және адам саудасының құрбандарын қорғау бойынша шараларды белгілейді. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында.

– Полиция қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл адам саудасына байланысты 150-ден астам қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 28 факт кәмелетке толмағандарға қатысты.

Мәселен, қазан айында “Қорғас” халықаралық орталығының аумағында сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенінің атын жамылып жұмыс істеген притондар мен жасырын казинолардың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бес күдікті құрықталды, оның ішінде екеуі шетел азаматы, – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Өңірлерде, әсіресе оқу орындарында бопсалау деректерін болдырмауға бағытталған жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері бопсалаудың 470 фактісін анықтап, жолын кесті, оның ішінде 261 қылмыстық іс бойынша кінәлі адамдар жауапқа тартылды.

Бұдан басқа пайдалы қазбалар мен бағалы металдарды өндіру объектілерінде ұрлыққа жол бермеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

– Аймақтарда жекелеген қылмыстық топтарды анықтау және олардың әрекетінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.

Биыл тек Қарағанды облысының өзінде ықпал ету салаларын өзара бөліске салып қана қоймай, өңірдің ірі кәсіпорындарынан тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаған қарсылас екі ұйымдасқан қылмыстық топқа тосқауыл қойылды.

Наурыз және тамыз айларында өткізілген екі ауқымды арнайы операцияға 500-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның арнайы күштерінің жауынгерлері жұмылдырылды. Екі топтың 70-ке жуық қатысушысы ұсталып, оның ішінде 30 адам қамауға алынды. 170-тен астам тінту шаралары жүргізілді, нәтижесінде 18 атыс және травматикалық қару, суық қару, үлкен көлемде қаражат, жарылғыш заттар және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, басқарғаны және оған қатысқаны үшін, сондай-ақ қару сақтау, ұрлық, бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және кісі өлтіруге оқталу фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істер тіркелді, – деді спикер.

Елордада тапсырыспен кісі өлтірудің екі дерегі анықталып, дер кезінде тоқтатылды. Қарызды қайтармау қылмыстарға себеп болған.

– Біз басқа құқық қорғау және арнайы органдармен тығыз байланыстамыз.

Мәселен, қаңтар және қазан айларында Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында бұзақылыққа, ұрлыққа, бопсалауға, қаруды заңсыз сақтауға, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға, адамдарды ұрлауға және қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстық қақтығыстарға қатысы бар қылмыстық топтарды ұстау бойынша арнайы операциялар жүргізілді.<!--more-->

Сондай-ақ Қаржы мониторингі агенттігімен де бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағымдағы жылдың ақпан айында бірлескен жедел іс-шараларды өткізу кезінде заңсыз айналымнан 20 мың литрден астам контрафактілі алкоголь, 16 мың литрден астам алкоголь және 1 600 000 қорап темекі тәркіленді.

Одан бөлек бірлескен іс-шаралар барысында желтоқсан айында Павлодар және Абай облыстарының аумағында жалпы құны 1,5 млрд теңге немесе 3 млн АҚШ долларын құрайтын акцизсіз темекі өнімдерін тасымалдаған үш жүк көлігі анықталып, тоқтатылды.

Мұндай жедел іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес прокуратураның үйлестіруімен жүргізіледі, – деп атап өтті департамент бастығы.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің жедел әзірлемелерінің орбитасында биоресурстарды заңсыз өндірумен айналысатын қылмыстық топтар да бар.

Қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында шаяндарды заңсыз аулаған адамдар тобы әшкереленді. 15 тоннадан астам шаян тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша мемлекетке 200 млн теңге залал келтірілді.

Қазан айында Батыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас балықтар мен уылдырықтарды заңсыз өткізу арнасы анықталды. Ұсталған топ балық өнімдерін жалған құжаттар арқылы базарларға жеткізіп отырған. Тінту кезінде 1,5 тоннадан астам бекіре балығы, шамамен 30 кг уылдырық, ақша және атыс қаруы тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыс ІІМ басшылығының бақылауында.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді