Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ порноиндустрия саласындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

ІІМ порноиндустрия саласындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты
Фото: бейне скриншот

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамына Қазақстанның және жақын шет елдердің азаматтары кірген трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Модельдік агенттіктің атын жамылып, олар порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан.

Мәселен, қылмыстық топтың мүшелері ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желі арқылы 2 млн теңгеге дейін ай сайынғы төлемді уәде етіп, 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздарды тартқан.

Қыздар аталған қызметтен бас тартқан жағдайда қылмыскерлер оларға психологиялық қысым көрсетіп, айыппұл салған.

Топтың ішінде нақты рөлдері белгіленген ұйымдастырушылар, басшылар, азғырып көндірушілер, әкімшілер, IT-мамандар мен бухгалтерлер болған.

Анықталғандай, қылмыстық топтың қаражат айналымы соңғы бес жылда 3 млрд теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтер анықтады.

Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір килограмм есірткі құралы және 69 мыңнан астам АҚШ доллары тәркіленді.

– Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, оның ішінде үш шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ІІМ тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қылмыстық топтың негізгі мүшелеріне мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.<!--more-->

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты