Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады

Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасын үйлестіруімен, Қазақстан, Украина және Ресей Федерациясының азаматтарынан құралған трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады. Олар ұзақ уақыт бойы республика аумағында бағалы металдардың заңсыз айналымын жүзеге асырған. Бұл жөнінде департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Теміржан Рамазанов хабарлады.

Т. Рамазановтың айтуынша, қылмыстық топ Ақмола облысында орналасқан шахтадан құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіруді ұйымдастырған. Қолдан жасалған шикізат зергерлік бұйымдарды жасау үшін астыртын шеберханаларға жіберіліп, одан әрі әйгілі зергерлік үйлердің брендтерімен сатылған. Бұйымдар әуе және теміржол көлігі арқылы тасымалданған.

Жүргізілген тінту іс-шаралары барысында кен өңдеуге арналған жабдықтар, алтын құймалар, 15 келіден астам зергерлік бұйым, биркалар мен сертификаттар, 19 тонна кен, 1,5 келі сынап, 20 келіден астам жарылғыш зат тәркіленді.

Қылмыстық топ рөлдердің нақты бөлінуімен ерекшеленді: шахта құрылтайшылары, шикізат өндіруді ұйымдастырушылар, аффинажшылар, зергерлік шеберлер, сатуға және брендтеуге жауапты адамдар.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 295-1 және 264-баптары бойынша жүргізіліп жатыр. 17 адам күдікті деп танылып, оның 10-ы қамауға алынды, өзге адамдардың осы қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты