Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 желтоқсан сағат 03:20-да Достық даңғылы мен Снегин көшесінің қиылысында патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының экипажы жүргізушісінің іс-әрекеті күдікті болып көрінген Toyota автокөлігін байқады. Қолданылған шаралардың арқасында көлік тоқтатылды.

Көлік ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы болған, олар бірден теріс қылық көрсетіп, мас күйде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады. Сонымен қатар ер адамдар өздерінің заңсыз әрекеттері себебінен тоқтатылған Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне қашып кетуге көмектесті. Ол да мас күйінде рөлге отырған болуы мүмкін. Соның салдарынан жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірген.

Жүргізушінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ құқық бұзушылардың бірі заңды талапқа бағынбай, полиция қызметкерінің бетінен ұрған. Оның бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша квалификацияланады.

Сонымен қатар оқиғаға қатысушылардың барлығына қатысты ҚР ҚК-нің 379-бабы (Билік өкіліне бағынбау) бойынша қылмыстық іс тіркелді және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) және ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік материалдар жинақталды.

Полиция қызметкеріне қол көтерген ер адам қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты