Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қашықтықтан емдеу өрісі кеңейді

Қашықтықтан емдеу өрісі кеңейді
Фото: pixabay.com

«Еліміздің аумағында уақытша болатын немесе баспана іздеп жүрген азаматтығы жоқ шетелдік адамдарды емханаға тіркелуіне өзгерістер енгізілді». Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев баяндады.
"Шымкент қалалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметіне сәйкес, емханаға тіркеу «Еркін таңдау» барысында 1 192 939 тұлға 61 емханаға тіркелген. Биыл емханаларға тіркеу науқанында 165 185 адам тіркелді. Оның 9 783-і «Еркін таңдау» негізінде, 2 914-і «көші-қон» есебінен тіркелсе, «электронды E-gov қызметтері» арқылы – 54 415, аймақтық учаскенің жабылу себебінен – 1 242, «ішкі қайта бекіту» себебінен – 55 330, «тіркеу науқаны» бойынша – 41 501 адам қайта тіркелген. Медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, әкімшілік аумақты сақтап, медициналық қызмет көрсетілетін денсаулық сақтау объектілері 15 минуттық қадамды қолжетімділігі ескерілуі тиіс. Бүгінде 2 271 азамат үйден қызмет көрсету арқылы, ал 297 қандасымыз алғаш рет емханаға тіркелген", – деді Бақытжан Жүсіпәліұлы.
Ресми деректерге сүйенсек, Шымкент қаласы бойынша 5 421 шетелдік емханаға тіркелген. Жалпы тәжірибелік дәрігерге бекітілген тұрғын саны 1 700 адам болса, учаскелік педиатрға алты жасқа дейінгі 500 бала, он төрт жасқа дейінгі 900 баладан аспауы керек. Науқан кезінде емханаларға бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасаған уақыттан кейін, келесі жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық қызмет алады.

Қазіргі таңда тұрғындар үшін қашықтан медициналық қызмет көрсетулер кеңеюде. Арнайы профилді дәрігерлердің, оның ішінде қазақстандық және шетелдік ғылыми орталықтардың мамандарынан пациент медициналық мекемеге келмей қашықтан дәрігерлік кеңес ала алады.

Бұл қызмет – әсіресе науқасты коронавирустан емдеу кезінде өзекті. Оның жағдайын бақылау және ұсыныстардың орындалуын бақылау үшін дәрігер аудио немесе видео байланыс арқылы кездесу өткізе алады. Ал пациентке бұл үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, қашықтан көрсетілетін қызметтер ауыл халқына медициналық көмек алу мүмкіндігін жеңілдетеді. Ол аудандық немесе облыстық орталыққа кеңес алу үшін бара алмайды. Медициналық көмекті алу үшін дәрігердің жолдамасы қажет. Қашықтан медициналық қызметтердің дәрігерге дейінгі медициналық көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, паллиативтік қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады.

Егер тұрғындардың медициналық қызметтерді қашықтан алуға қатысты сұрақтары болса, онда оларды учаскелік дәрігерге немесе өз емханасындағы пациенттерді қолдау қызметіне қоя алады. Қажетті ақпаратты алмаған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына fms.kz ресми сайт, 1406 байланыс орталығы арқылы өтініш беруге болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді