Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да қыста жаңа жылыжай қияр өнімін бере бастады

СҚО-да қыста жаңа жылыжай қияр өнімін бере бастады
Фото: CҚО әкімдігі

Петропавлдағы жаңа инновациялық жылыжайда қияр алғашқы жемістерін бере бастады. Жылыжай кешенінің жұмысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Жылыжайда күн сайын 6 тоннаға дейін қияр жиналады, толық қуатына шыққанда өнімділік 16 тоннаға дейін жетпек.

«Біздің облыс үшін қияр тұтыну көрсеткіші тәулігіне 50 тоннаны құрайды. Жаңа жылыжайдың өнімі облыс сұранысының 30 пайызын жауып, қыста бағаға әсер етеді», - деді облыс әкімі.

Солтүстік өңір үшін жылыжайдың болуы – қажеттілік. Солтүстікқазақстандықтар жаңа піскен көкөністермен жыл бойына қамтылады, әрі импорттық өнімге қарағанда арзанырақ. Жергілікті қияр қаламыздың супермаркеттерінде сатыла бастады.
Жалпы, жаңа жылыжайдан жылына 3 мың тонна қияр, қызанақ және салат жиналмақ. «Зеленый север» серіктестігі жобаға 1,4 млрд теңге инвестиция құйды. Тағы 5,8 млрд теңгені «Солтүстік» ӘКК жеңілдетілген несие түрінде қаржыландырды. Мемлекет инженерлік желілерді тартуға да көмектесті.

Бұл 4-ші буынды жылыжай кешені, Нидерланды елінің заманауи қондырғылары орнатылды. Жылыжайдың өз микроклиматы бар, бүкіл процесс компьютермен басқарылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады