Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында "World Green Company" ЖШС пайдалануға енгізген жаңа жылыжай кешенінің ашылуы өтті

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы Новенькое ауылында Қазақстан Республикасының 30 жылдығы және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аясында "World Green Company" ЖШС енгізген 16,7 га жер алқабын және 11,8 га өсіру алқабын құрайтын өнеркәсіптік жылыжай кешені пайдалануға берілді. Жылыжайдың ашылу салтанатында облыс әкімі жылыжайдың жұмысымен танысып, аталмыш кешеннің халық игілігіне жұмыс жасайтын мекеме атануына тілек білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Облыс әкімі Ғали Есқалиев өз құттықтау сөзінде «Барлықтарыңызды жылыжайдың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Аталмыш компанияның құрылтайшылары, өңірімізге танымал кәсіпкерлер Тілек Шектебаев және әріптесі Фарух Махмудов бүгін өкінішке орай келе алмады. Бүгінгі шараға өздері қатыса алмаса да осы жандарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Өз қаражатынан қаржыландырып, өндірісті қолданысқа беруге атсалысу – үлкен еңбек. Оның үстіне бұл арнайы техникаларды, түрлі жаңа технологияларды  қолданатын өте күрделі әрі жауапкершілікті талап ететін маңызды нысан. Кішкентай олқылық болып қалса, бүкіл өнім зардап шегеді. Сол себепті өте жауапты әрі маңызды өнеркәсіптік кешен болып табылады. Осындай қоғамға қажетті әрі пайдалы нысанның ашылғанына қуаныштымын. Осындай жобаларды әрдайым қолдайтын боламыз. Тағы да жылыжайдың ашылуымен құттықтаймын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» деп жылы лебізін білдірді.


Аталмыш жобаның инвестиция көлемі 14,5 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде меншікті қаражат – 3,6 млрд.теңге, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қаржыландыруы – 10,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 0,6 млрд. теңге.

Жобаны жылыжай саласындағы әлемдік көшбасшы голландиялық Dalsem компаниясы жүзеге асырды. Бұл жылыжай 4 буынның жоғары технологиялық жобасы болып табылады және жылыту жүйесі, СО2 бақылау жүйесі, бұлттану жүйесі, жоғары қысымды салқындату, жарықтандыру жүйесі, климатты бақылау, тік және көлденең қоршау, суару жүйесі, дренажды суды қайта өңдеу, тұқым отырғызу жабдығы, тоңазытқыш, сапаны бағалауға арналған жабдық, буып-түю жабдығы сынды жаңа технологияларды қамтиды. Өнім өндірісі 2021 жылдың ақпан айынан басталды. Бірінші дақыл айналымы аясында 2445 тонна қияр жиналды, екінші дақыл айналымына 5 га қияр мен 5,6 га қызанақ отырғызылды. Күн сайын 5 тонна қияр мен 6 тонна қызанақ жиналады.


Жылыжайдың ашылуымен жергілікті халыққа 150-ге тарта жаңа жұмыс орны берілмек. Облыс әкімінің айтуынша әзірге жалақы мөлшері 130-150 мың көлемінде болғанмен, кейін өнім алу қуаты толық дәрежеге жетіп, несиені жапқан кезде жалақы мөлшері өсетін болады. Тиісінше жұмысшыларға тұрақты жалақы мөлшері, жақсы жұмыс жағдайы ұсынылатын болады.

Аталмыш жылыжай болашақта толық қуаттылығына жеткен кезде күніне 20 тоннаға дейін өнім беретін болады. Аталмыш жылыжайдың ашылуына мемлекеттен жақсы көмек көрсетілген болатын. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен жергілікті бюджеттің қаржыландыруы арқылы құрылған өнеркәсіптік кешеннің жемісін өз аймағымыздан бөлек өзге де өңірлер көретін болады. Өндірілетін өнім Орал, Ақтөбе, Ақсай, Нұр-сұлтан қалаларына, сондай-ақ РФ өңірлеріне жеткізіледі.


Егемендігіміздің 30 жылдығы мен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аясында ашылған өнеркәсіптік жылыжай халық игілігі үшін қызмет етпек. Аталмыш жобаның еліміздің халық саны бойынша ірі елді мекендерге жататын аймақтарды емес, біздің өңірде ашылғаны үлкен мәртебе әрі мойнымызға артылған маңызды міндет саналады. Жылыжайдың өз елімізде ашылғаны нарықтағы қызанақ және қияр көкөністерінің бағаларын шарықтатпай, тиімді бағада ұстап тұру мүмкіндігін береді.


Облыс басшысы «Осы сынды кешендердің салынуын болашақта та қолдайтын боламыз. Себебі осы сынды жобалар ел экономикасының дамуына үлкен септігін тигізеді. Оның үстіне қоғамдық өмірдегі жайлылыққа да тигізер өз әсері бар» деп өз сөзін қорытындылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі