Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сот қызметкерлері жастармен кездесті

Сот қызметкерлері жастармен кездесті
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы кітапханада   Адам құқықтары күніне арналған «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сот қызметкерлерімен кездесу кеші өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Болат Қарабаев, қалалық соттың баспасөз қызметінің маманы Қабыл Дүйсенби және Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің студенттері мен кітапхананың оқырмандары қатысты.  

Кездесу басында сот жүйесінің үздігі Қабыл Тұрарұлы баяндама жасап, бұдан 75 жыл бұрын 1948 жылы желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» кейбір баптары туралы және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) Конституциясына 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталып, кеңінен айтып берді.

Судья Болат Ерменбайұлы өз сөзінде, адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығы және адалдық пен мейірімділік туралы ой қозғады. Сонымен қатар, ол аудандық сотта өзі қараған кейбір алаяқтық істерге тоқталып, жастарға алаяқтық қылмыстың құрбаны болудан әрқашанда сақ болып, абайлау қажеттігін айтып, осындайларға алданып қалмау керектігін ескертіп өтті.

Жиын барысында кешке қатысушы студенттер мен оқырмандар сот қызметкерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауаптарын алды. Кездесуде жастар белсенділік танытып, өздерінің ойларын ортаға салып және бүгінгі кездесуде өздерінің құқықтарына қатысты кейбір білмейтін нәрселерін біліп алғандарын да жасырмады.

Кездесу соңында кітапхана директорының орынбасары Асылзат Оспанқызы қонақтарға іс-шараға арнайы келіп, жастарға «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» мен Ата Заңымызды жан-жақты түсіндіріп әрі өз пікірлері мен тұжырымды ойларымен бөліскені және қойылған сұрақтарға тұщымды жауап бергендері үшін сот қызметкерлеріне алғысын білдірді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты