Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Борт N1 Telegram-арнасы.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Қанат Мусин 1966 жылы Целиноград қ (Астана) туған. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмандаған. 1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы; 1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты; 1989-1998 жылдары Целиноград қаласы, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, тергеуші, бөлім басшысы, Астана қаласы прокурорының орынбасары; 1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары; 2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары; 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары; 2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы; ҚР Жоғарғы Сотының судьясы (10.06.2021ж); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы (14.06.2021-01.2022); 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрі болған.
30-12-2022, 10:08
Қанат Мусин әділет министрі лауазымынан босатылды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз