Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: Жемқорлық - індет, күресу - міндет

Шымкент: Жемқорлық - індет, күресу - міндет
Фото: "Шымкент келбеті" газеті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының белсенділері колледж студенттеріне арнап «Жемкорлык-індет, күресу-міндет» такырыбында насихат жұмыстарын ұйымдастырды. Кездесуге қаладағы белсенді жастар, еріктілер, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Спикер ретінде шақырылған қонақ - философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сәкен Мәжімбеков осы саладағы көп жылғы білімі, тәжірибесімен бөлісті.
«Сыбайлас жемқорлықпен күресу - ең маңызды бастамалардын бірі. Себебі, жемқорлық - адам өміріне ғана емес, тұтас ел болашағына тізгін салады. Сыбайлас жемқорлыққа біз болып, мына сіз болып қана қарсы тұра аламыз. Ол үшін адам бойында отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, туған жер мен елі үшін қалтқысыз қызмет ететін жоғары парасатты тұлга болуы шарт, - деді спикер Сәкен Мәжімбеков.
Сонымен катар, саясаттанушы әкімшілік жауапкершілікке тартылуға  алып келетін сыйақы мен сыйлықтар мөлшеріне тоқталып, барша жастарды жат қылықтардан таза болуға шақырды. Жасыратыны жоқ, бүгінде сыбайлас жемқорлықтың ең жоғарғы ықтималдылығы тап осы оқу орындарында көптеп белең алатыны белгілі. Сондықтан, білім алушы жастарға өздерінің болашақтарына немқұрайлы қарамай, жарқын өмір сүруі үшін лайықты білім алу керектігі баса айтылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», деп атап өткен болатын.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық ауқымдылығына ғана байланысты ерекшеленеді.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз. Шара барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, көптеген мағлұматтарға қанық болды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді