Халыктың әлеуметтік мәселелері партиялық бақылау комиссиясының жіті бақылауында. “AMANAT” партиясының Шымкент қалалық филиалы бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес, қала тұрғындарымен тығыз байланыс орнатқан. Олар халық үнін еститін билік бағдарламасы, сондай-ақ өздерінің сайлауда құрған бағдарламалары негізінде жұмыстарын күшейтуде.
Шымкент қаласы Тассай елді- мекенінің тұрғындары өздерін мазалайтын ең күрделі мәселе - құбырмен берілетін газ қысымының төмендігін айтып шағымданған болатын. Соңғы күндері қыс қаһарына мініп, ауа температурасының - 20 градусқа дейін төмендеуі себепті үйлерді жылыту қиынға соғып, мәселе күрделене түскен болатын. Тіпті көгілдір отынды жағып ас-тамақтарын әзірлеу де мұң болып қалган еді.
Шұғыл шара көру мақсатында Партиялык бақылау комиссиясының төрағасы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев пен «AMANAT партиясы» Қаратау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Иманқұлов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы, сондай-ақ мердігер компания өкілдерінің катысуымен партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Тұрғындарға қалыптаскан жағдайға катысты нақты қандай шаралар көрілетіні туралы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, атқарушы билік тарапынан істелетін жұмыс жоспары да таныстырылды.
Аталмыш мәселе бойынша партияның бақылау комиссиясы дереу зерделеу жұмыстарын жүргізіп, олқылықтар қалпына келтірілді. Айта кетейік, қазіргі таңда қала тұрғындары кез-келген мәселе бойынша жергілікті әкімдіктен бастап, партия ұйымдарына дейін ашық жеткізу мүмкіндігіне ие. Ол үшін арнайы әлеуметтік желі, арнайы қоңырау қызметі жұмыс істейді. Демократиялық ашық қоғам құру- мемлекет ұстанып отырған басты саяси бағыт боп қала бермек.
16-12-2023, 22:31
Шымкент: әлеуметтік желіде жарияланған мәселелер "Amanat" партиялық бақылау комиссиясының назарында
Фото: aikyn.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз