AMANAT» партиясы Шымкент қалалық, филиалында әйелдердің теңдігін, олардың қоғамдық, саяси және әлеуметтік- экономикалык өміріне араласуына бағыттау мақсатында жуырда Әйелдер қанаты құрылган болатын. Осы орайда партия өкілдері үшінші мегаполисте түрлі салада қызмет етіп жүрген іскер әйелдер, ғалымдар, әлеуметтік сала қызметкерлері, психолог мамандар, ардагер ұстаздардың басын қосып, әйелдер қанатынын бағыт-бағдарын, мақсатын талқылап, алдағы уақытта қай бағытқа басымдық беру қажет екенін ортаға салды.
Гендерлік теңдік қағидаттарын жүйелі түрде ілгерілетуге, оларды елдің қоғамдық- саяси және әлеуметтік-экономикалык өміріне тартуға бағытталған қазақстандық әйелдердің күш-жігері мен бастамаларын партияның қамқорлығына біріктіру. Сондай-ақ, көшбасшы партия- әйелдердің саяси көшбасшыларын қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын -алуға ықпал ету, инклюзивті қоғамды дамытуға әсер ету, психологиялық қызмет институтын дамытуға атсалысу жұмыстары, әйелдердің қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әйелдер бизнесін дамытуға үлес қосу, әйелдердің денсаулықтары мен отбасы құндылықтары туралы айтуына жағдай жасау.
Партия жанынан құрылған орталық заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту сынды шараларды атқарып қана қомай, қоғамдағы барлық санаттағы әйелдерді қолдауға дайын. Шымкент қаласы кәсіпкерлер әйелдер көп тіркелген аймақ ретінде танымал. Сондықтан, әр саланың даму тетіктерін дұрыс қарастырып, оларды отбасы құндылықтарымен бірге ұштастырған абзал. Сонда ғана гендерлік теңдік қоғамдағы тұрақтылыққа бастап, тең қоғам құрудағы басты мақсат орындалады,- деп отыр партияның белсенділері.
16-12-2023, 16:02
Шымкент: гендерлік теңдік - тұрақтылыққа тірек
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз