Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО әкімі Смирноводағы өрт орнында болды

СҚО әкімі Смирноводағы өрт орнында болды
Фото: СҚО әкімдігі

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданы, Смирново ауылындағы екі қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылуынан орын алған өрт орнында болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Өрт сөндірілді. Зардап шеккен үй тұрғыны аудандық ауруханаға, кейін қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

"Өкінішке орай, өрт бір адамның өмірін қиды. Отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Зардап шеккен отбасыға барлық қажетті көмек көрсетіледі", — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Қыстың келуімен тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып отыр.

"Бүгін таңертең  қала және аудандар әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, онда өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтау мен алдын алудың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өттім. Сондай-ақ, тұрғын үйлер мен нысандардағы газ баллондардың бар-жоғын  тексеріп, тұрғындармен  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, келесі жылы аудандық көпқабатты үйлерді жылуға қосуды жоспарлауды тапсырдым", — деп атап өтті облыс әкімі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады