Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екіқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды. СҚО әкімі мәлімдеме жасады

Екіқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды. СҚО әкімі мәлімдеме жасады
Фото: СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов газ-ауа қоспасының жарылуынан өрт болған екі қабатты тұрғын үй орналасқан Аққайың ауданы, Смирново ауылында болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, 8 желтоқсанда түскі уақытта Смирново ауылылында екі қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылып, жасөспірім көз жұмды. Тағы бір адам зардап шекті. Ол аудандық ауруханаға, кейін қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Өрт шыққан үйден 9 адам эвакуацияланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 22 жастағы жігітке қойылған диагноз: 2-3 АБ деңгейіндегі термикалық күйік, 2 дәрежелі термикалық шок, дене терісінің 60 пайызын күйік шалған.

"Өкінішке қарай, өрт бір адамның өмірін қиды. Отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Зардап шеккен отбасыға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Қыстың келуімен тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып отыр.

"Бүгін таңертең  қала және аудандар әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, онда өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтау мен алдын алудың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өттім. Сондай-ақ, тұрғын үйлер мен нысандардағы газ баллондардың бар-жоғын  тексеріп, тұрғындармен  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, келесі жылы аудандық көпқабатты үйлерді жылуға қосуды жоспарлауды тапсырдым", - деп атап өтті облыс әкімі.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты