Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО полицейлері есірткі зертханасы жұмысының жолын кесті

БҚО полицейлері есірткі зертханасы жұмысының жолын кесті
Фото: polisia.kz

“Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында БҚО ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының және Орал қаласы ПБ қызметкерлері есірткі зертханасы жұмысының жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылғы 23 қараша күні Орал қаласының 36 жасар тұрғыны саяжай қоғамдарында жалға берілетін коттедждердің бірінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіретін есірткі зертханасын жасақтаған.

Тінту кезінде 7 түп қарасора өсімдігі, 5 дана полиэтилен пакеті, арнайы иісі бар жасыл түсті өсімдік салынған пластикалық ыдыстар табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ өсімдіктерді өсіруге арналған электр жабдықтары мен тыңайтқыштар, газ шығару жүйесі мен зип-пакеттер, изолента, электронды таразы тәркіленді.

2023 жылғы 30 қарашадағы сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар 298,21 грамм кептірілген марихуана және 235,62 грамм қарасора екендігі анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады