Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мектеп оқушысын тонап кеткен шымкенттік “ізін суытпай” ұсталды

Мектеп оқушысын тонап кеткен шымкенттік “ізін суытпай” ұсталды
Фото: polisia.kz

Мектеп оқушысын тонап кеткен шымкенттік “ізін суытпай” ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға Қаратау ауданының тұрғыны тонау туралы арызбен жүгінді. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу көшеде оның ұлының смартфонын ашық түрде алып кеткен. 9 жасар бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқанда, оның жанына бейтаныс жігіт келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұрайды. Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытқан күдікті бөтеннің телефонын алып қаша жөнелген. Бұл оқиға баланың сыныптасының смартфонына түсіп қалған.

Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кірісті.

ЖБО-ның бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің алған бағыты мен жеке басы анықталды. Жедел уәкілдер оны қаладағы сауда орталықтарының бірінің алдында ұстады. Ол ұрланған смартфонды сатып үлгермеген екен. Гаджет тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұл қылмысты жасамас бұрын із-түссіз жоғалған адам ретінде іздеуде болған. Туыстары оны 3 күн бойы іздеген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді