– Бүгін біз дәріханада үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз тұрғындармен сөйлесу барысында дәрі-дәрмектің шекті бағасы, медициналық қызмет көрсету сапасы, фармацевтикалық препараттармен қамтамасыз ету жұмыстары және дәрі-дәрмектерді халыққа жеткізу сияқты мәселелерді көтергіміз келеді. Бұл мәселелерді үнемі бақылауда ұстаймыз. Біздің партиялық бақылау комиссиясы дәріханалардағы дәрі бағаларына үнемі мониторинг жасап отырады. Біз адамдарға бұл туралы тағы бір рет айтқымыз келеді. Барлық тұрғындарды сайлауда өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетуге және "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын, – дейді Гүлмира Амангелдіқызы.
COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қиындықтар әкелді. Бізде осы бағытта жұмыс жасайтын нәрсе бар.
Бүгінгі күнге бізде бір бағыттағы мамандар жетіспеушілігі байқалады, ауруды анықтауда, азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде шешілмеген күрмеулер бар.
Орта мерзімді перспективада саладағы негізгі басымдылық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен нығайтуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күрес кезінде алынған тәжірибе қолданылады.
«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес келуі және барлық қазақстандықтардың денсаулық сақтау аумағындағы үздік тәжірибелерге бірдей қол жетімділігі үшін күш салады.
Осы мақсаттар үшін «Nur Otan» партиясы:
- 200 орындық инфекциялық жаңа аурухана құрылысын аяқтау;
- Қостанай қаласындағы аурухана құрылысы;
- Инфекциялық ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен, оттегі нүктелерімен және байытқыштармен, дәрі-дәрмекпен және медициналық қажетті құралдармен 100% жабдықтау;
- Сол сияқты дәрігерлерді әлеуметтік қолдау аса маңызды бағыт - медколледж студенттері үшін жатақхана құрылысы, жыл сайын 300 жас маманды қаланың медицина мекемелеріне жұмысқа орналастыру, сол сияқты, медқызметкерлердің еліміздің және шетелдердің жетекші ғылыми орталықтарында біліктілік арттырудан өтулері.
- Жыл сайын жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық (өкпені жасанды желдету аппаратттарымен, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді, көшпелі және цифрлық рентген жүйелерімен, флюорографтармен, дефибрилляторлармен, жаңа туған нәрестелерді тыныс алу жүйелері және басқалармен), коронавирус індетімен күреске бағытталған дәрі-дәрмекке және коронавирус инфекциясына қарсы күресте жеке сақтану құралдарымен жабдықтауға;
- Жетілдірілген жоғары технологияларды енгізуге, ММСЖ дамытуға;
- Кәсіби құзырлылықтарын көтеру және әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін шет елдердің медициналық жетекші емханаларында 75 дәрігерді оқыту;
- Дертті бастапқы кезеңінде анықтау үшін халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарында бизнес-үдерістер мен пациенттер деректерін цифрландыру жалғастырылады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 2025 жылға қарай 70 жастан 74,2 жасқа дейін артады.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.