Президент Жолдауының үшінші бағытын қамтыған маңызды мәселенің бірі- ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.
Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.Қазіргі уақытта халыққа амбулаторлық-емханалық деңгейде медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу өзекті болып отыр. Халықаралық стандарттар мен жаһандануды ескере отырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында Шымкент қаласындағы №3 қалалық емханада «Үздік тәжрибелік орталық» ашылды.
Мекеменің негізгі мақсаты — медициналық көмекті қолжетімді ету, адам мен оның отбасының қажеттіліктері үшін денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау, арыз-шағымдар санын азайту, шағым түрлерін талдау, ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жүргізу. Тағы бір аспектісі – халықтың медициналық сауаттылық деңгейін арттыру, тұрғындарды емдеу және алдын алу процесіне қатыстыру.
Үздік тәжірибе орталығы жұмысының аясында емхана құрылымына көптеген оңды өзгерістер енді. Атап айтқанда, емханада өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары, Халық кеңесі, МИОМОС, тренинг орталықтары, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі бөлмесі, денсаулық мектептері және жастар денсаулық орталығы өз жұмысын бастады.Денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша емханада алғаш рет GPS навигация базасында учаскелік мейіргерлерге қызмет көрсету аумағында аулаларды аралау жұмысын бақылау үшін бақылау жүйесі енгізілді.
"Емханада алғашқы рет ақылмандар кеңесі, халық комитеті құрылды, құрамы мен ережелері бекітілді. Оның мақсаты денсаулық сақтау ұйымы мен халық арасында диалог құруға арналған алаң болып табылатын медициналық ұйым жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады", - деп атап өтті орталық ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.