Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы обылысындағы тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Аймағымызды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін бірнеше жылдан бері тыңғылықты жұмыс атқарылып, жақсы жетістікке жетіп келе жатқанын жасырмаймыз. Қазірдің өзінде облыс-аудан орталығы мен қала, елді мекен тұрғындары табиғи газға қосылып, игілігін көре бастады. Өйткені газдандыру жоспарының қаржы мен уақытты, энергиялық ресурстарды үнемдеу, қажетті температураға жылдам қол жеткізу, экологиялық тазалықты сақтау сынды артықшылығы бар. Өңірді газдандыру жұмысы республикалық немесе жергілікті бюджеттің, инвесторлардың қаржысы арқылы атқарылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Алматы облысындағы 742 елді мекеннің 474-і газдандыруға жатады. Бүгінде 156 елді мекен газдандырылып, 1,2 миллион адам газға қол жеткізген. Талдықорған қаласын газдандыру жұмысы аяқталған. Барлығы 54,3 мың абонент табиғи газға қол жеткізіп, қазіргі кезде 23,7 мыңнан астам абонент газға қосылған. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетігі негізінде 5 жоба аяқталуға таяған. Нәтижесінде 44,2 мың адам табиғи газға қол жеткізетін болады.

Өткен жылы Талдықорған қаласының екі жылыту қазандығы табиғи газға ауыстырылды. Бюджеттен 1,88 млрд. теңге бөлінді. Газға ауыстыру кезінде №1 қазандықтан 504,9 тонна, №3-411 қазандықтан 8 тонна зиянды шығарындылар азайды. Биыл Талдықорған қаласының № 2, 5 кварталдарындағы қазандықтар газға ауыстырылып, ЖСҚ әзірлеуге 2,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл бірінші кезекте, атмосферадағы шығарындыларды азайтып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартады және отын сатып алуға жұмсалатын шығындарды едәуір қысқартады. №2 қазандықты газға ауыстыруға облыстық бюджеттен 1,89 млрд.теңге бөлінеді. Сондай-ақ, № 4 қазандығын қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 686,1 млн.теңге сомасында қаражат бөлу үшін ҚР ҰЭМ бюджеттік өтінім берілді. Сондай-ақ, Ескелді ауданындағы орталық жылу қазандығы газға ауыстырылып, жұмыс істеп тұр.

Жалпы қазіргі уақытта Талдықорған қаласындағы №1 және 3 орамдық қазандықтар, Көксу ауданындағы Қапшағай қаласындағы орталық қазандықтар, Талдықорған қаласындағы №2 және 5 орамдық қазандықтар және Ескелді ауданындағы орталық қазандығы болып 7 жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

Алматы қаласына жақын аудандардағы тұрғын үй алаптарын, әлеуметтік, өндірістік және өзге де объектілерді газ отынына кезең-кезеңімен көшіру жұмысы да қарқынды жүргізілуде. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде табиғи газбен жылытатын модульдік қазандықтарды (БМК) орнату арқылы орталық жылуға ауыстыру бойынша 35 БМК орнатылды, орталық жылуға 152 көп пәтерлі тұрғын үй, 4898 абонент қосылды. Биыл Қарасай ауданында 3, Еңбекшіқазақ ауданында 71, Панфилов ауданында 6, Ұйғыр ауданында 6 көпқабатты тұрғын үйді газға ауыстыру үшін 31 модульдық қазандық орнатылады.

Ағымдағы жылы жеке инвестициялар есебінен 1,3 млрд.теңге сомасына "Байсерке – Қапшағай" 2-ші іске қосу кешені" газ құбырынан Іле ауданының Жетіген ауылына дейін жеткізуші газ құбырын салу жобасын іске асыру бойынша жұмыс басталды. Газ құбырының ұзындығы 6,5 шақырым, құрылыс мерзімі 7 ай. Жобаны жүзеге асыру үшін "ЖетісуОблГаз" ЖШС мен "Агроресурс PRO" ЖШС арасында консорциум шартына қол қойылды. Аталған газ құбыры Талғар ауданынан 4, Іле ауданынан 4, Еңбекшіқазақ ауданынан 1 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы арқылы жеке сектордағы 236,0 мың үйдің 209,0 мыңы (88,6%) табиғи газға қол жеткізе алады, оның 153,9 мыңы немесе 65% қосылды. Алдағы уақытта қалған 82,1 мың үйді газға қосу жұмысы жалғасуда.

Алматы агломерациясының елді мекендерінде газдандыруды жеке инвесторлар жүзеге асырады. Желілерге қосылудың басты тежеуші факторы жоғары баға болып табылады. Бір абонентке қосылудың орташа құны 350,0 мың теңгені құрайды және одан жоғары. Бүгінде облыс әкімдігі тұтынушыларды газға қосу құнын төмендету бойынша шаралар қабылдауда. Уәкілетті органдармен бірлесіп абоненттерді газға қосу бойынша бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үйлерді газдандыруға облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлінді, онда абоненттерге қосылу бойынша жеңілдіктер қарастырылған. "ЖетісуОблГаз" ЖШС газдандыру бағдарламасының үйлестірушісі құны 1,5 млрд.теңге ҚЭН әзірлеген. Абоненттерге 10 айға дейін бөліп төлеу арқылы жеке тұрғын үйлерді газдандыру үшін материалдар мен жабдықтар ұсынылады.

Жалпы, биыл Алматы облысында 19 жаңа жобаны жүзеге асыру үшін 6,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 3,4 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар Райымбек және Кеген аудандарының елді мекендерін газдандыру үшін 2020 жылы «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистральды газ құбырының құрылысы» үшін облыстық бюджеттен 52,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 17,4 мың халқы бар 23 ауыл газдандырылмақ. Газ құбырының ұзындығы 227 шақырымды құрайды. Талдықорған-Үшарал магистральдық газ құбыры бойынша шаруа қожалықтарымен жер учаскесін келісу жұмыстары негізінен аяқталған.

Қазіргі таңда Балқаш ауданының елді мекендерін газдандыру жұмысы қарқынды жүруде. Тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз ету шараларын «СтройПроектЛидер» ЖШС жүргізуде. Аталған компания төтенше жағдай тұсында да барлық қажетті қауіпсіздік шарасын қабылдай отырып, штаттық режимде жұмыс істеді. Қауіп-қатердің алдын алу үшін жедел штаб құрылды және қызметкерлердің біразы қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылды. Өңір тұрғындарының: «Табиғи газға тезірек қосылсақ» деген тілегін орындауға тырысқан акционерлік қоғамның Жетісу өндірістік филиалының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде карантин тәртібін сақтай отырып, облыстың қалалары мен ауылдарындағы үйлерге газ тарту жұмысын тоқтатқан жоқ.

Қоршаған ортаны ыс пен түтіннен қорғау, тұтынушыларды отынның ең тиімді түріне көшіруді арттыру және аймақ тұрғындарының әлеуметтік және тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту, шағын және орта кәсіпкерлікті, өнеркәсіп салаларын дамыту және салынған газ тарату желілерін сақтап қалу үшін облыс елді мекендерін толығымен газдандыру жұмысын жақын арада аяқтауға күш салу керек. Бұл кезек күттірмейтін міндет.

Келесі жылы бюджет қаражаты есебінен 15 елді мекенде газ тарату желілерін салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы Алматы агломерациясын толық газдандыру 2025 жылға жоспарланып отыр.

Қажет Андас, Алматы облысы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді