Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда халықаралық тасжол құрылысынан 60-тан астам бұзушылық анықталды

Атырауда халықаралық тасжол құрылысынан 60-тан астам бұзушылық анықталды
Фото: pixabay.com

Атырау – Астрахань тасжолында салынып жатқан асфальт сынамаларына жүргізілген сараптама нәтижесінде 65 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ATPress жазуынша, халықаралық трассаның құрылысын мұқият бақылауды "жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау облыстық филиалының мамандары жүргізеді. Жұмыстың сапасын тексеру үшін олар қырық шақырым жолдан 400-ге жуық асфальт жамылғысының үлгісін алып, 65 ақауды тапты.

65 үлгі Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Яғни, жол құрылысы үшін пайдаланылатын кейбір жерлерде үлкен кеуекті қиыршық тас бары, қиыршық тас фракциясы және өзек кескінінің қалыңдығы сәйкес келмейтіні белгілі болды. Кейбір жерлерде көлік қозғалысы үшін ашық жол жамылғысы тегіс емес екені анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың тоғызы жойылды. Құрылыс компаниясы барлық қосымша жұмыстарды өз есебінен жүргізуге міндеттелді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланғаны хабарланған.

Сондай-ақ Алматы облысында жол салу кезінде орын алған бұзушылықтар фактісі бойынша жолаушылар көлігі басқармасы басшысының экс-орынбасары ұсталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді