Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда аса ірі мөлшерде экстракциялық апиын есірткісін сақтаған күдікті ұсталды

Атырауда аса ірі мөлшерде экстракциялық апиын есірткісін сақтаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Атырауда аса ірі мөлшерде экстракциялық апиын есірткісін сақтаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Авангард ықшам ауданында орналасқан көпқабатты пәтерлердің бірінде есірткі заттарын сақтаумен айналысады деген күдікпен 60 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдікті азаматты тінту кезінде сырт киімінің қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар 12 орам тәркіленді, сондай-ақ пәтер ішінен сұйықтық ыдыста кептірілген көкнәр шөбі және жасыл түсті өсімдік тектес 29 сіріңке қорабы табылды.

Айта кетейік, күдіктінің бұрын-сонды есірткі заттарын сақтаған деген күдікпен сотталғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша алынған заттардың салмағы 4.04 грамм болатын аса ірі мөлшердегі экстракциялық апиын есірткісі екені белгілі болды. Экстракциялық апиын – шикі апиыннан әртүрлі өңдеу және суды буландыру арқылы алынатын есірткі өнімі. Бір дозасының адам ағзасына әсері алты есе жоғары және зиян.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады