Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл ШҚО-да браконьерлер 5 тоннаға жуық шаян аулаған: табиғатқа келтірілген шығын – 31 млн теңге

Биыл ШҚО-да браконьерлер 5 тоннаға жуық шаян аулаған: табиғатқа келтірілген шығын – 31 млн теңге
Фото: polisia.kz

Биыл ШҚО-да браконьерлер 5 тоннаға жуық шаян аулап, табиғатқа 31 млн теңге шығын келтірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы полицейлерінің құрығына соңғы болып облыстың 44 және 41 жастағы тұрғындары іліккен. Тәртіп бұзушылардың бірін тәртіп сақшылары Өскемен – Самар тасжолында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында анықтаған.

41 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны өз газелімен жалпы салмағы 1800 келі болатын 100 қорап тірі шаянды тиісті құжаттарсыз тасымалдаған. Табиғатқа келтірілген шығын сомасы шамамен 11 млн теңгені құраған. Күдікті оларды Күршім ауданынан белгісіз адамдардан сатып алып, кейін Өскемен қаласында сатуды жоспарлағаны анықталды. Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Екінші құқық бұзушыны тәртіп сақшылары Күршім – Үлкен Нарын тасжолында ұстады. 44 жастағы Ұлан ауданының тұрғынының көлігінде 92 қапқа салынған жалпы салмағы бір тоннадан асатын тірі шаян табылған. Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы 7,7 млн теңгеден асатынын айтты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері шаяндарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 5 фактісі тіркелді. 11 айда браконьерлер 5 тоннаға жуық шаян аулап, 31 млн теңгеден астам шығын келтірген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты