Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында 8 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылды

Жетісу облысында 8 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында 8 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ювеналды полиция қызметкерлері қолайсыз санатына жататын отбасыларды бақылауды күшейтті. Өңірде кәмелетке толмағандарды тиісті деңгейде тәрбиелемеу және оларға күтім жасамау фактілерін анықтау бойынша рейдтер жандандырылып жатыр. Биыл 8 ерлі-зайыпты (олардың ішінде жалғызбасты аналар) ата-ана құқығынан айырылды.

– Ата-ана құқығынан айырылғандардың барлығы бұрын алкогольді асыра пайдаланғаны анықталып, профилактикалық есепке алынған. Бірнеше рет құқық бұзушылықтың қайталануына жол бергеннен кейін бұл мәселені ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қарастырды, – деді облыстық ювеналды полицияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аида Белгібаева.

Соңғы факт Талдықорғанда тіркелді, онда асырауында төрт баласы бар 47 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылды. Балалардың екеуі қазір облыстық балалар орталығының бірінде. Анасы өткен жылдан бастап професепте екендігі анықталды және полиция қызметкерлерінің бірнеше рет ескертуін елемей, алкогольді асыра пайдалануды жалғастырып, ата-ана мен бала күтімі талаптарын өрескел бұзған. Жалпы, жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмағандарға қатысты 60 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, олардың 21-і жыныстық қол сұғылмаушылыққа байланысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді