Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды

Жетісуда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды
Фото: polisia.kz

Жетісуда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Алакөл ауданында 27 қазанға қараған түні Toyota Gracia көлігінің қатысуымен болды. Алматы – Өскемен тас жолының 507-шақырымында 26 жастағы шетелдік көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автокөліктің аударылуына жол берді. Оқиға орнынан Үшарал қаласындағы ауруханаға түрлі жарақаттармен жүргізуші мен 1965, 1988, 2001 жылы туған үш әйел жеткізілді. Олардың бірі реанимация бөлімінде қайтыс болды.

Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген тергеу амалдары басталды.

Биыл Жетісу облысы арқылы өтетін Алматы – Өскемен автожолының учаскесінде 80 ЖКО болды, онда 50 адам қаза тауып, 160-тан астам адам түрлі жарақат алды.

Аймақ полициясы жүргізушілерді автожолдарда қырағылықты күшейтуге, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті