Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2023 жылғы 18 қазанда Абу-Дабиде өткен VIII Дүниежүзілік инвестициялық форумға қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Министр өз сөзінде Қазақстан экономиканың шикізаттық емес экспортқа бағытталған секторына инвестициялар тартуға бағытталғанын атап өтті. Елімізде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.
«Үкіметтің экономиканы диверсификация бойынша күш-жігерінің арқасында агробизнес, көлік және логистика, IT индустрия, машина жасау және басқа да салаларда үлкен инвестициялық мүмкіндіктер ашылуда. Өткен жылдан бері Қазақстанда 4 млрд долл сомасына шетелдік капиталдың қатысуымен 46 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда, 6,5 мың жұмыс орны құрылды», - деп хабарлады Арман Шаққалиев.
Қазақстан әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың бірі. Өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалану және жаһандық азық-түлік тапшылығы мәселесін шешуге өз үлесін қосу үшін Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенде бірлескен инвестициялық және технологиялық жобаларды құру үшін серіктестерді шақырады.
Инвестиция тартудың перспективалы бағыттардың ішінде цифрландыру, көлік және логистика бағыттары ерекшеленеді.
Қазақстандық цифрлық өнімдер шетелдік жобалармен сәтті бәсекелеседі және халықаралық нарықтарда танымал. Тек 2022 жылы ғана Қазақстаннан ІТ-өнімдері мен қызметтерінің экспорты 5 есеге артып, 333 млн долларды құрады. Цифрлық интеллект индексі (Digital IQ) бойынша біздің елімді цифрландыру жылдамдығы бойынша 20-шы орында, бұл экономикаға және халықтың цифрлық әл-ауқатына оң әсер етеді.
Арман Шакқалиевтің айтуынша, кедергісіз инвестициялар мен халықаралық сауда құн қалыптастырудың жаһандық тізбегіне интеграциялау үшін өте маңызды. Қазақстан Транскаспий бағытының жолында орналасқан Еуразияның логистикалық орталығының өмірлік маңызды рөлін атқарады. Жүк жөнелтуші елдердің «Солтүстік-Оңтүстік». «Шығыс - Батыс» бағыттары бойынша транзиттік-көлік дәлізін дамытуға мүдделілігін ескере отырып, осы бағыттағы жүк ағынының көлемі орта мерзімді перспективада бес есеге өсуі мүмкін.
Жұмыс сапары барысында ҚР Сауда және интеграция министрі AD Ports Group компаниясының өңірлік директоры Абдулазиз Зайед Әл-Шамсимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Логистиканы дамытудың және ҚР-БАӘ тауар айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайту үшін AD Ports Group компаниясының әлеуетін тартудың маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ, Арман Шаққалиев Simatech Group логистикалық компаниясының басшылығымен Құрық портынан Парсы шығанағы елдеріне Амирабад және Ирандағы Бандар-Аббас порттары арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізу үшін жаңа көлік бағытын әзірлеу бойынша кездесу өткізді.
«Бұл бағыт қазақстандық экспорттаушыларға Иран порттары, сондай-ақ БАӘ порттарына және одан әрі Үндістанның, Пәкістанның, Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Африканың шығыс жағалауындағы барлық негізгі порттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, еуропалық елдерге тауарларды жеткізу мүмкіндігі қарастырылады», - деді Арман Шаққалиев.